Біздің командада жұмыс істеу

Біздің командада жұмыс істеу

Біз АТ аутсорсинг бойынша қызмет көрсетіп қана қоймаймыз, сондай-ақ мамандарды оқытамыз және сертификаттаймыз, Қазақстанда және ТМД елдерінде АТ мәдениетін дамыту стандарттары мен векторын қалыптастырамыз. Біз адамның жұмыс ортасының жайлы, сенімді әрі қауіпсіз болғанын қалаймыз.

Біздің командада жұмыс істеу

Біз кімді іздейміз

  • Жұмыс жолын енді бастаған<br>мамандарды іздейміз Жұмыс жолын енді бастаған
    мамандарды іздейміз

    Үйренуге дайын. Дағдыларын үнемі жетілдіріп, біліктілігін растайтын. Бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі жетілдіретін адамды іздейміз. Тапсырма көп, жұмыс қиын.

  • Тәжірибелі<br>шеберлер Тәжірибелі
    шеберлер

    Клиент жақтағы «өртті сөндіруге» емес, біз әзірлеген АТ сервисінің стандарттарын пайдалана отырып, дағдарыстар мен проблемалардың алдын алатын адам.

  • Командалық<br>ойыншылар Командалық
    ойыншылар

    Қашанда сақадай сай жүретін адам. Клиент үшін біз таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейміз, ал компания ішінде АТ мамандарының күндізгі немесе кешкі кестені таңдау мүмкіндігі бар.

Оқыту жүйесі

  • Біз командамен жұмыс істегенді жөн көреміз - әрбір қызметкер кеңес немесе көмек алу үшін аға маманға немесе бөлім басшысына жүгіне алады.

    Бүкіл команда болып жалғыз жүріп жұмыс істейтін адамның әлі келмейтін күрделі мәселелерді шешеміз.

    HR. Тәлімгерлік
  • Бізде қызметкерлерді сертификаттаудың міндетті жүйесі - CRM-жүйесінде тестілеу бар.

    Аттестаттау тақырыптар бойынша блоктарға бөлінеді, әрбір жаңа блокты тапсырған сайын АТ маманы өзінің біліктілік деңгейін жоғарылатады және лауазымы бойынша өседі.

    HR. Аттестаттау
  • Жақында жұмысқа кірген жаңа қызметкерлерге күш-қуатын іс жүзінде сынап көруді және Қашықтан қолдау, Сервис сияқты әртүрлі бөлімде немесе сыртта жұмыс істеуді ұсынамыз.

    Осылайша тезірек «пісіп», АТ сервисінің әртүрлі салаларында тәжірибе жинап, қайсысының ұнайтынын шешуге болады.

    HR. Тәжірибе
  • Біз қызметкерлердің өсуін жөн көреміз: біздің АТ мамандарымыз прогрестің негізгі қозғалтқыштары болып табылады. Сұраныс бойынша біз кез келген сыртқы курстарда оқу ақысын жартылай немесе толық төлей аламыз, мысалы, біздің Сервис жөніндегі директорымыз қазір ITIL сертификаттауынан өтіп жатыр, ал Қашықтан қолдау және Сервис бөлімінің басшылары Kaizen-де оқып жатыр.

    HR. Білім беру курстары

Жалақы деңгейлері

Біз өз қызметкерлерімізге нақты орындалған міндеттерге байланысты нарықтағы орташа жалақыны ұсынамыз. Демек, жалақы — келісімді, бізде тұрақты сан жоқ.

Мансаптық өсу қызметкердің нақты жетістіктеріне байланысты: олай болса, компанияда үш желі бар (біліктілік деңгейіне байланысты мамандардың дәрежесі) — мамандардың әр желісінің өзіндік оқыту жүйесі, аттестаттауы және жалақы төлемдері бар.

Жалақы деңгейлері
  • I желіҚашықтан қолдау

    I желі
    Қашықтан қолдау

    Өтінімдерді қабылдайды, еңбек жолын енді бастаған мамандардың қолданыстағы нұсқауларына сәйкес қауіп деңгейі ең аз мәселелерді шешеді.

  • II желіҚашықтан қолдау

    II желі
    Қашықтан қолдау

    I желі орындай алмаған күрделі мәселелерді шешеді, мысалы, клиенттердің серверлермен істеген типтік жұмыстары.

  • III желіҚашықтан қолдау

    III желі
    Қашықтан қолдау

    Жоғары деңгейлі мәселелерді шешеді, жаңа клиенттерді қабылдайды, техникалық ақпаратты толтырады, клиенттің АТ талдайды және жетілдіреді.

Жастар тәжірибесі

Біз колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттерін тәжірибеге шақырамыз, олар АТ сервисінің стандарттарын оқып үйренеді, «қызу жұмыста» өзін сынап көреді және нақты міндеттерді шешуде тәжірибе алады.

Тәжірибеден сәтті өткен жағдайда біз тұрақты түрде жұмысқа орналасуды ұсына аламыз, бұл тәжірибеден өтушінің біліктілік деңгейі мен дағдыларына байланысты.

Жастар тәжірибесі IT Support Group

Нұсқаулар бойынша жұмыс

Көптеген жылдар бойы біз АТ сервисінің өз стандарттарын әзірледік. Әрбір процеске арналған өзіміздің хаттамамыз бар, нұсқаулық немесе үлгі — жұмыстағы қателіктердің алдын алуға көмектеседі. Барлық нұсқаулар баспа және электронды нұсқада бар, қызметкерлерге жұмысқа орналасу кезінде беріледі.

Корпоративтік этика

  • Корпоративтік этика 1
  • Корпоративтік этика 2
  • Корпоративтік этика 3
  • Корпоративтік этика 4
  • Корпоративтік этика 5
  • Корпоративтік этика 6
  • Корпоративтік этика 7

Біздің командадағы жұмыс ымыра мен өзара сыйластық қағидаттарына негізделген, біз компанияның қызметкерлерімен, басшыларымен және клиенттерімен қарым-қатынаста барынша ашықтықты ұстануға тырысамыз.

Үлкен холдингтің бір бөлігі болғанымызға қарамастан, ұжым ішіндегі қарым-қатынас - ынтымақтастық қарым-қатынас: мысалы, бас директор басқа қызметкерлермен бірге опенспейсте отырады, оған қашанда жақындап, сұрақ қоюға болады.

Біздің компаниядағы жұмыс туралы толығырақ біліңіз

Алексей Белимов, IT Support Group бас директоры біздің компанияға жаңадан келген адам не алатыны туралы әңгімелейді, ал егер сұрақтарыңыз болса, оларды әңгімелесу кезінде сұраңыз немесе осы бейнеге пікір қалдыратын жазыңыз! Жұмыста кездескенше!

АТ аутсорсингтегі жұмыс

Бас директоры
Алексей Белимов әңгімелеп береді