Аутстаффинг - IT Support Group
Қазақстандағы АТ аутстаффингі

Қазақстандағы АТ аутстаффингі

Кейбір компаниялардың штатына қызметкерлер қажет, мұндай жағдайда біз келісімшарт бойынша клиент жағында жұмыс істеу үшін маманымызды немесе бүкіл бөлімді береміз.

Қазақстандағы АТ аутстаффингі
  • Бизнестің мақсаттары мен міндеттерін анықтаймыз

    Бизнестің мақсаттары мен міндеттерін анықтаймыз

  • Дұрыс маманды таңдаймыз
    Дұрыс маманды таңдаймыз
  • KPI және бақылау жүйесін қоямыз
    KPI және бақылау жүйесін қоямыз
  • Аутсафферді процестерге енгіземіз
    Аутсафферді процестерге енгіземіз

АТ аутстаффингінің артықшылықтары

  • Икемді АТ бөлімі Икемді АТ бөлімі

    Аутстаффингпен бөлімді кеңейту, оны тарылту, қызметкерді белгілі бір жобаға уақытша ауыстыру және оны қайтару оңай.

  • Ауыстыру кезінде қауіп өте аз Ауыстыру кезінде қауіп өте аз

    Біздің компаниямыздағы әрбір аутстаффердің «бэкапері» бар, бұл аутстаффер ауырып қалған немесе демалған жағдайда оны ауыстыратын, білім деңгейі бойынша бірдей қызметкер.

  • Стандарттар бойынша жұмыс Стандарттар бойынша жұмыс

    Бізде жұмыс барысында құрылған стандарттар бар. Олар клиенттің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Біз сіздің АТ бөліміңізді осы стандарттарға келтіре аламыз немесе сіздің стандарттар бойынша жұмыс істей аламыз.

  • Біз шағын бизнеске арналған аутстаффингті сирек ұсынамыз, көбіне аутсорсинг шағын компаниялардың АТ инфрақұрылымын қолдау үшін жеткілікті. Бірақ процестері АТ-мен тығыз байланысты нақты салалар үшін аутстаффинг көп пайда әкелуі мүмкін.

    Аутстаффинг. Шағын бизнеске арналған ұсыныс
    Мәселелерді
    жедел шешеміз

    Байланыс орталықтары немесе оқу орындары сияқты маңызды салаларда бизнестің тоқтап қалуын қысқартамыз.

    Жұмысқа дайын
    маман береміз

    Қолда бар ресурстарды оңтайландырамыз және бизнесіңіз өсуі үшін жаңа ресурстарды тартамыз.

    Аутстаффинг
    Жұмыс туралы
    есеп береміз

    KPI орнатамыз және оған қол жеткізу нәтижелері бойынша есептер жібереміз.

    Біздің
    процестерімізді енгіземіз

    Біз өз стандарттарымыз бойынша жұмыс істейміз. АТ-ны ретке келтіреміз және проблемалардың алдын аламыз.

  • Өндіріс инфрақұрылымын жаңа технологиялық деңгейге шығару үшін АТ саласында тәжірибесі көп қызметкерлерді береміз.

    Аутстаффинг. Үлкен өндіріске арналған ұсыныс
    Тұрақты аудит
    жүргіземіз

    Инфрақұрылымның жұмысқа қабілеттілігін толық тексереміз, жаңа технологияларды енгіземіз немесе қолда бар технологияларды заманауи стандарттарға дейін жаңартамыз.

    Штатты
    оңтайландырамыз

    Көбінесе үлкен өндірістерде АТ департаментіндегі штат артық. Біз оны оңтайландыруға көмектесеміз.

    Аутстаффинг
    Делдал ретінде
    әрекет етеміз

    Желі мамандары мен басшылықтың талаптары арасында байланыс орнатамыз.

    Ұсыныс береміз

    Бизнестің міндеттеріне сүйене отырып, пайдаланылатын немесе сатып алуға жоспарланған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етілім бойынша ұсыныстар береміз.

  • АТ департаментті бизнес-міндеттерге сәйкес оңтайландыруға көмектесеміз, оза жұмыс істейміз және АТ инфрақұрылымында күнделікті проблемалардың пайда болуына жол бермейміз.

    Аутстаффинг. Сауда компанияларына арналған ұсыныс
    Жеке SLA бойынша
    жұмыс істейміз

    Бизнестің мақсаттарына байланысты әр компания үшін жеке тиімділік көрсеткіштерін әзірлейміз.

    АТ бөлімін басқаруға
    мүмкіндік береміз

    АТ бөлімін икемді етеміз, командадағы аутстафферлермен бірге тұрып қалу қаупіне жол бермей, штатты кеңейту немесе тарылту оңай.

    Аутстаффинг
    Сіздердің жұмыс
    процестеріңізге
    қосыламыз

    Сіздердің ерекшеліктеріңізді білеміз және басқа бөлімдердің жұмысы тоқтап қалмас үшін толыққанды бэкапер - ауыстыратын адамды береміз.

    Бизнес
    міндеттерді
    негізге аламыз

    Бизнес - бұл біздің басты критерийіміз, біз алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңіз үшін, дамуыңыз үшін барлық жағдайды жасаймыз.

  • Біз сіздердің процестеріңізге бейімделеміз және бас АТ департаментінің «қолы мен көзі» ретінде әрекет етеміз.

    Аутстаффинг. Шетелдік өкілдіктерге арналған ұсыныс
    Жетекшілікпен
    жұмыс істейміз

    Сіздердің стандарттарыңызды білеміз және сізге қызмет көрсететін бас АТ департаментінің немесе жаһандық АТ компаниясының басшылығымен жұмыс істейтін сенімді аутстафферлерді беруге дайынбыз.

    Сенімділікке
    кепілдік береміз

    АТ мамандарын және олардың бэкапері - сараптаманың ұқсас деңгейі бар, процестерді білетін аутстафферлерді береміз.

    Аутстаффинг
    SLA бойынша жұмыс істеу

    Біз әрбір АТ маманының тиімділік көрсеткіштерінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз сіздің KPI бойынша жұмыс істеуге дайынбыз және оның орындалуын қадағалайтын менеджерді ұсынамыз.

    Ерекшеліктерді білеміз

    Біздің басқа шетелдік өкілдіктердің процестеріне аутстаффингті енгізуде табысты тәжірибеміз бар, сондықтан біз есептілік пен құжаттаманы жүргізудің ерекшелігін білеміз.

Қызметкерлердің АТ аутстаффингі

Біз барлық кадрлық құжаттаманы өзіміз жүргіземіз. Белгілі бір жеке қасиеттері мен білім деңгейі бар клиенттің талаптарына сүйене отырып, қызметкерлерді таңдаймыз.

  • Шет тілдері
  • Есеп жүйелерін білу
  • Жаһандық АТ компаниясының басшылығымен жұмыс істеу тәжірибесі
  • АТ-ның нақты салаларындағы сараптама
  • Сараптама деңгейі ұқсас «бэкапердің» болуы

Аутстафферлерден басқа, басшылықпен байланыс орнататын, қызметкерлерді дамытатын, басқаратын, KPI-ді шығаратын және оның орындалуын бақылайтын толыққанды АТ қызметкерін аласыз. Біз қызметкерлерді демалыс немесе ауырған жағдайда ауыстыруды қамтамасыз ете алатындай етіп таңдаймыз.

Игорь Авдошкин
Аутстаффинг
бөлімінің басшысы
Игорь Авдошкин, Аутстаффинг бөлімінің басшысы IT Support Group
Клиенттердің пікірлері

Біз - қазақстандық нарықтағы шетелдік өкілдіктермен жұмыс істей алатын және ол жұмысты сәтті орындайтын санаулы компаниялардың біріміз.

Бағалау құны
Аутстаффинг құнын есептеңіз
Бөлімдегі мамандар саны
1
Мамандардың сараптама деңгейі
Бір айдағы қызмет көрсетудің болжамды құны:*
2 500 000

Толық бағасын менеджерден біліңіз*
Келісімшарт жасамас бұрын біз аудит жүргіземіз (АТ инфрақұрылымыңызды тексереміз)

Бағасына не кіреді?

  • Сіз білікті АТ маманын және оның «бэкаперіне», АТ маманы ауырып қалса, оны ауыстыратын маманға ие боласыз.
  • Сізге құжаттармен жұмыс істеудің қажеті жоқ, біз сіздермен стандартты қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істейміз, ал барлық кадрлық құжаттаманы біз жүргіземіз
  • Егер компанияда аутстаффер өз бетінше шеше алмайтын мәселе туындаса, біздің көшпелі және серверлік мамандар бөлімі және Қашықтықтан қолдау көрсетудің үшінші желісі жұмысқа қосылады
  • Аутстаффер тек АТ маманы ретінде ғана жұмыс істемейді, сонымен қатар АТ менеджері қызметін де атқарады, сервистік және серверлік мамандармен барлық байланыс сол арқылы жүзеге асырылады
Сізді қызықтыруы мүмкін

Серверлер / LAN

Серверлік және желілік жабдықты орнату, теңшеу және техникалық қызмет көрсету.

Серверлер / LAN